Алматылық тастаяқшы «Құрастырмалы пирамидадан» ел чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Семей қаласында 23-27 қаңтар күндері бильярд спортының «Құрастырмалы пирамида» түрінен XXXVIII Қазақстан чемпионаты өтті.
None
None

«Алтын-Орда» бильярд клубында болған бұл дүбірлі додаға 72 спортшы қатысқан еді. Тартысты өткен жарыста ақтық сында тараздық Максим Панды 6:3 есебімен ұтқан алматылық халықаралық дәрежедегі спорт шебері Эмиль Мударисов чемпион атанды. Қызылордалық Рахат Омаров пен қарағандылық Алмас Мұсабаев 3-ші орынды өзара бөлісті. Үздік сегіздікке сондай-ақ, семейлік Азамат Ілдербаев, астаналық Ерлан Әбілдаев, теміртаулық Медет Тұяқов пен қостанайлық Никита Цисельский енді.

Соңғы жаңалықтар