Алматылық Тик-ток түсіру үшін жол ережесін өрескел бұзды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық жігіт Тик-токта видео жариялау үшін көшеде жол жүру ережесін өрескел бұзды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық Тик-ток  түсіру үшін жол ережесін өрескел бұзды

Оның видеосы алдымен Тик-токта жарияланды, содан кейін басқа әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазбадан көліктің Абай даңғылы бойымен батыс бағытқа қарай жылжып келе жатып, Сейфуллин көшесімен қиылысқан кезде жолдың қарсы бағытына бұрылғанын көруге болады. Жүргізуші жанындағы жолаушы мұның барлығын түсіріп отырған.


Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ереже бұзған жүргізушінің анықталғанын хабарлады.

«Жүргізуші анықталды. Әкімшілік хатамма толтырылып, материалдар сотқа жіберілді. Бұл заң бұзушылық үшін жүргізуші куәлігіннен 6 ай мерзімге айырылуы мүмкін»,– деп хабарлады полициядан.

Сонымен бірге, қалалық полиция мұндай заң бұзушылық өте қауіпті екенін атап өтті.

«Бұл өте қауіпті, әсіресе көлік ағыны қатты қалада. Жүргізуші өзінің қауіпсіздігі ғана емес, айналасындағылардың да жағдайын ойлануы керек»,– деп түсіндірді полиция.