Алматылық волейболшы қыздар Жоғарғы лиганың «А» дивизионында көш бастады

Барлық қарсыластарын ұтып мүмкін болған 15 ұпайдың 14-ін өз қоржынына салған «Алматиночка-Алматы» командасы турнир кестесінде көш бастады. Бұған дейін 23-27 қарашада Қарағандыда өткен алғашқы турда үздік шыққан қостанайлықтар бұл жолы 20 ұпаймен үшінші орынды қанағат тұтты. Ал көшбасшыдан 2 ұпайы кем қарағандылықтар екінші орында келеді. Турнир кестесінің екінші бөлігінде Өскеменнің «Шығыс-Қорғасын Құрылыс-2» (15 ұпай), Оралдың «Грация-KZ» (6 ұпай) және Павлодардың «Ертіс-Қазхром-2» (1 ұпай) командалары тұр.
Бұл сында алматылықтар өз қоржынын - 14, қарағандылықтар - 13, өскемендіктер - 9, қостанайлықтар - 6, оралдықтар - 3 ұпаймен толықтырса, павлодарлықтар бірде-бір ұпайға ие бола алмады. Онда оралдық Ұлмекен Мелісова, алматылық Екатерина Разоренкова, қарағандылық Инна Герман, өскемендік Светлана Кимасова, қостанайлық Анастасия Ростовщикова, павлодарлық Дарья Шевчук екінші турдың үздік ойыншылары деп танылды. Енді келесі тур 19-26 ақпанда өтетін болады.