Алматылық волейболшылар Балалар лигасының Қызылжардағы күзгі ел чемпионатынан олжалы қайтты

АЛМАТЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Петропавлда волейболдан Балалар лигасындағы 12-13, 14-15 және 16-17 жас аралығындағы 34 команданың арасында өткен күзгі Қазақстан чемпионаты алматылықтар үшін сәтті аяқталды.
None
None
Олар 1996-1997 жылдары туған жасөспірімдер арасында 12 команданың арасында бірінші орынға ие болды. Күміс және қола жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өскеменнің «Барақ батыр» командалары иеленді. Ал 1998-1999 жылдары туған балалар арасында 12 команданың арасынан Өскеменнің «Барақ батыры» жеңімпаз атанып, Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының волейболшылары 2-3 орынды бөлісті. 2000-2001 жылдары туған кіші топтағы сайысқа алматылықтар қатыспаған болатын. 10 команданың арасында өткен бұл додада Қызылорда қаласы бірінші, Оңтүстік Қазақстан облысы екінші, ал өскемендіктер («Барақ батыр») қола жүлдегер атанды.
Соңғы жаңалықтар