Алматылық волейболшылар ел чемпионатының ақтық турында жеңіліссіз келе жатыр

АЛМАТЫ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Алматылық волейболшылар Хромтауда волейболдан өтіп жатқан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 6-тур ойындарын да аса сәтті өткізуде.
None
None

Олар оралдық «Конденсат», хромтаулық «ТНК Қазхром», өскемендік «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командаларын ойсыра ұтып, мүмкін болған 9 ұпайды толық өз қоржынына салды. Енді бүгін «Атырау», ал ертең қызылжардың «Есіл» волейболшыларымен соңғы кездесуін өткізеді. Алайда бұл ойындардың нәтижесі оның  турнир кестесіндегі жағдайына еш өзгеріс әкеле алмайды. Алматылықтардың жинаған ұпай қоры  чемпиондық  атағын сақтап қалуға толық жетеді. Қазір «Алматыда» - 62, «ТНК Қазхромда» - 51, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» - 32, «Атырауда» - 26, «Есілде» -21, «Конденсатта» -  15 ұпай бар. Үздік үштік турнир кестесіндегі өз орнын енді ешкімге бермейді. Қола жүлдеден үміткер болып келген  атыраулықтар енді өскемендіктерді қуып жетуі мүмкін емес.

Соңғы жаңалықтар