Алматылық жігіт полицияға 1 ғасырлық тарихы бар тапанша тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 26 жастағы Алматы тұрғыны полицияға 1 ғасырлық тарихы бар тапанша тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық жігіт полицияға 1 ғасырлық тарихы бар тапанша тапсырды

Бергманн Баярд (Bergmann Bayard) тапаншасы 1903-1908 жылдары жасалған екен. Алматы тұрғыны бұл тарихи экспонатты өз еркімен полицияға тапсырды.

«Алмалы аудандық ІІБ-ге 6,35 калибрлі «BERGMANN» тапаншасы өткізілді. Ер адам оны Саин Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жерасты жолында тауып алған. Сонымен қатар, Әуезов ауданының 47 жастағы тұрғыны ішкі істер органына 10 травматикалық қару өткізді. Ер адам қаруларды қару дүкендерінен күзет мақсатында сатып алған», - деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, Алматыда жыл басынан бері 37 қару сатылып алынды. Бұл мақсатта бюджеттен 7 млн 115 мың теңге бөлінген.

Акция басталғалы бері ІІД барлық бөлімшелері халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.