Алматылықтар еркіндіктің ұлы күнін «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсімінен бастады

АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуді Желтоқсан алаңындағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастады.
None
None

Олар тәуелсіздік құрбандарын үнсіз еске алып, олардың рухына құран бағыштады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі, ардагер журналист Қараби Мұхамбетқалиевтің айтуынша, Тәуелсіздік мерекесі еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейінгі барлық жас-кәрінің ең қуанышты күні. Бұл күнге қол жеткізу үшін ата-бабамыз қан мен терін шелектеп төкті. Оның қадірі мен қаситін әрбір ата-ана өз балаларының құлағына бесікте жатқаннан бастап сіңіру керек. Сонда ғана тәуелсіздік баянды болады.

Енді алматылықтар кешке Астана алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концертті тамашалайды. Алмас Кішкенбаев, Қайрат Нұртас, Гуля Төлегенова, Меруерт Түсіпбаева, «Азия», «Жігер», «All давай» топтары қатысатын мерекелік шара отшашумен аяқталады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар