Алматылықтар халықаралық Feel Russia фестивалі аясында Ресейдің заманауи мәдениетімен таныса алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 28 Панфиловшылар атындағы саябақта Қазақстанда тұңғыш рет екі күндік Feel Russia халықаралық фестивалі болады. Бүгін осы шара қарсаңында өткен брифингте аталмыш жобаның тең продюсері Софья Чмух Алматыдан кейін осы фестиваль Австрия, Германия, Финляндия, Испания және Грекияда өтетіндігін айтты.

«Фестивальді өткізудегі мақсат - Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланысты нығайту. Біз бұқара халықты Ресейдің заманауи мәдениетімен таныстырып, салт-дәстүріміздің озық үлгілерін және шығармашылық салалардағы жаңа тәсілдерді паш еткіміз келеді», - деді Софья Чмух.

Фестивальдің арт-директоры Александр Федорконың айтуынша, саябақтың ашық алаңқайында әдет-ғұрып қуыршақтары, бірегей жібек орамалдар, сондай-ақ, әр түрлі жанрдағы кинотуындылар көрсететін павильондар орналасады. Бұдан басқа, Орыс география қоғамының автокөрмесі ұйымдастырылады.

«Саябақта балалар және шеберлік сыныптары аймақтары ашылады. Сахнадан фольклорлық, классикалық музыкаларды тыңдауға болады. Халық билері бойынша ансамбльдер өнер көрсетеді. Одан басқа, біз бір тосынсый дайындап отырмыз, яғни фестиваль аясында танымал қазақстандық әншінің концерті болады. Сонымен қатар, алматылықтарды бірегей музыкалық аспап - жайпақ қоңыраулармен таныстырамыз», - деді жобаның арт-директоры.

Жобаны РФ Мәдениет министрлігі РФ Сыртқы істер миинистрлігі мен Алматы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Фестиваль 23-24-ші сәуірде сағат 13.00 мен 21.00 аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар