Алматылықтар коронавирус инфекциясын қай жерде жиі жұқтырады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтардың коронавирусты қай жерде жиі жұқтыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қараша мен желтоқсан айының бірінші аптасының қорытындысы бойынша коронавирусқа неғұрлым бейім контингент - 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар екені анықталды. Көбіне 20-39 жас аралығындағы жастар ауырды, олардың үлесі қараша айында да, желтоқсанның бірінші аптасында да 32-36% болды. 40-59 жас аралығындағы адамдар - 29-31%, сондай-ақ 60 жастан асқан қарт адамдар үлесі - 22-26% болды»,– дейді Жандарбек Бекшин.

Қараша айында және соңғы аптада КВИ жұқтырған жерлер жіті тексерілді:

– сауда үйлері, дүкендер, базарларда (34%) 20-39 жас аралығындағы жастар жұқтырған. Олар сырқаттардың 32-36%-ын құрайды;

– отбасы мүшелерімен байланыс - 35-36%, қалалық көлік - 16-18%;

– медициналық ұйымдарда байланыс – 6%, сондай-ақ шетелден және ҚР өңірлерінен әкелу – 6% және жұмыс, оқу орнында жұқтыру көрсеткіші - 3%.

Бұл фактілерді мониторинг топтары растады.


Соңғы жаңалықтар