Алматылықтар «Шымбұлақты» қоқыстан тазартпақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Шымбұлақта» 31 мамырда жалпықалалық «Таза табиғат» акциясы өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Шымбұлақ тауларын тазалауға ынталы жандар үшін аспалы жол тегін қызмет көрсетеді. Олар қолғап, қоқыс қапшығы, сусындармен қамтамасыз етіледі. Акцияның соңында «ASSORTI- Шымбұлақ» кешені мерекелік дастархан жайылып, қатысушыларға палау пісіріп береді.

«Басты мақсат Шымбұлақ тау бөктерін түрлі қоқыстан тазалау. Акция осымен 4 рет өтіп жатыр. Қала тұрғындарының тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отыр», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар