Алматылықтар тығыз салынып жатқан құрылысқа қарсы

Тұрғындар Facebook арқылы үндеу жолдады.
«Басында тұрғындарға ұсынған жобада бұл жерде біздің үйден басқа құрылыс болмайды делінген. Уақыт өте келе көгаладандыруға арналған алаңда 12 қабатты ғимарат пайда болатын болды. Ең сорақысы – бұл жобамен барлық билік келіскен, тіпті жобаның мемлекеттік сараптамасы да бар. Прокуратураға шағымдандық, бірақ олар бізді қалалық әкімдікке жіберді. Егер мемлекеттік органдар шешімді жоймаса, тұрғындар сотқа жүгінеді. Бұл тұтынушының құқығын бұзу»,- деп жазды желі қолданушылар.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс салушыға тұрғын үй кешенінін жобаға дейінгі құжаты берілгенін хабарлады.
«Құрылыс басталғанға дейін жоба Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігіне міндетті мемлекеттік сараптамадан өтеді», - деп хабарлады басқармадан.