Алматылықтар жаппай жүгіруге шықты (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Барлық әлем жүгіруде» атты бұқаралық флеш-моб өтті.
None
None

Қалалық әкімдіктің қолдауымен өткен шара таңғы сағат 9:00-де Тұңғыш Президент саябағында басталды.

Аталған флешмобтың ерекшелігі, оған қазақ спортының аты аңызға айналған жұлдыздары қатысты. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы Серік Нұрқазов, Азия, Африка, Австралияның шөл далаларын жалғыз басып өткен, жеті рет Гиннес рекордын жаңартқан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев, Қазақстаннан шыққан тұңғыш триатлоншы Бауыр Карипов, альпинист, әлемдегі 14 сегіз мың метрлік шыңды бағындырған тұңғыш қазақ Мақсұт Жұмаев, спорт шебері Мұратхан Тоқмәди, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, Қазақстан триатлон федерациясының президенті Нұриддин Даузов 3 және 10 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Олармен бірге жүздеген қала тұрғыны жүгірді. Спорттық жаттығудан кейін тұрғындар аты аңызға айналған спорт шеберлерімен суретке түсті.

Айта кетер бір жайт, бүгін әлемде салауатты өмір салтына бағытталған халықаралық жүгіру күні аталып өтілуде.

Соңғы жаңалықтар