Алматылықтар жылуға 1,3 млрд теңге қарыз

АЛМАТЫ. ҚазАқарат - Алматы тұрғындары жылуға 1,3 млрд теңге қарыз. Берешегі барлардың қатарында жеке және заңды тұлғалар бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Алматы жылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Алматы тұрғындары «Алматы жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1,3 млрд теңге қарыз. Бұл әлбетте, қаланың коммуналдық қызметі мен жеткізушілерге төлейтін қаржыға әсер етеді. Берешегі барлардың қатарында жеке, заңды тұлғалармен қатар, бюджеттік мекемелер де бар», - деді Данияр Қазымбетов.
Тиісті мекеме өкілдерінің сөзінше, жылу беру маусымы сәтті басталды. Ол штаттық режимде, кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр.
«Біздің отын қорымыз жеткілікті. Газ бойынша ешқандай проблема жоқ. Газдан тапшылық болмайды. Жылу маусымына толық дайын болдық», - деді «АЛЭС» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Исмұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар