Алматылықтарды мезі еткен теміржол тұйығында дыбыс оқшаулау жұмыстары жүргізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданындағы теміржол тұйықтарының бірінде дыбыс оқшаулау жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Мен Павлодар көшесінен келдім. Онда жылдар бойы жөндеу көрмеген теміржол тұйығы бар. Әр түн сайын ол тұйыққа 5-6 вагоннан әкелінеді. Оның дауысынан балалар оянады, түнде ұйықтау мүмкін емес», - деді әкіммен кездесуде көпшілік атынан мәселе көтерген аудан тұрғыны.

Қала әкімі бұл мәселе осы көктемде шешілетінін жеткізді.

«Күн жылынған соң барлық жеке кәсіп иелерін аталған мекен-жайға жинауды жоспарлап отырмыз. Оларға өз қаражаты есебінен теміржолдың осы учаскесін жөндеуді және дыбыс оқшаулауды қамтамасыз етуді тапсырамыз. Бұл мәселені олардың наурыз-сәуір айларында шешуін өзім тікелей бақылаймын», - деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әкім Жетісу ауданында наурыз айында жаңа саябақтың құрылысы басталатынын мәлім етті. Нақтырақ айтқанда, демалыс орны «Кемел» шағын ауданында салынады.


Соңғы жаңалықтар