Алматылықтарға сауда орталығы мен базарларда вакцина қалай салынатыны белгілі болды
Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин өзінің жаңа қаулысында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына алгоритмге сәйкес қоғамдық орындардағы COVID-19-ға қарсы иммундау пункттерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Базарлар аумағында иммундауды ұйымдастыру кезінде
Қаулыға сәйкес, егу пункті базар аумағында орналасуы қажет. Сонымен қатар, жұмыс үстелдері, орындықтары болуы тиіс. Пайдаланылған бір реттік маскаларды жинауға арналған қоқыс жәшігі, қолды өңдеуге арналған антисептигі бар шынтақ дозаторы керек. Егілетін адамдарды тіркеу және егілгеннен кейін бақылау жүргізілетін шатыр болуы тиіс. Вакцинациялау алдында тексеру және тікелей егу жүргізу барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жедел медициналық көмек машинасында жүргізілуі мүмкін.
СОО аумағында иммундауды ұйымдастыру кезінде
Егу пункті сауда орталығының арнайы бөлінген орында орналасуы тиіс, онда халықты тіркеу үшін қоршалған аймақ, вакцинация жүргізу алдында халықты тексеруге және егуден кейін 30 минут ішінде бақылауға арналған аймақ (уақытша бөлме), сондай-ақ вакцинация жүргізуге арналған жеке аймақ орналасуы тиіс.Қарап тексеру және вакцинация жүргізу бөлмелері мөлдір емес пластикалық жабынмен (тығыз пленка) қоршалуы тиіс, ал іші өзара шымылдықпен бөлінген, жұмыс үстелдері және орындықтармен, пайдаланылған бір реттік маскаларды жинауға арналған қоқыс жәшігімен, қолды өңдеуге арналған антисептигі бар шынтақ дозаторымен жабдықталған болуы тиіс.
Барлық мобильді егу пункттеріне қойылатын жалпы талаптармен мына жерден танысуға болады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.