Алматының 10 тұрғыны алаяқтың үстінен шағымданып отыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 10-нан астам адамды алдаған деген күдікпен ер адам ұсталды. Медеу аудандық ІІБ мәліметінше, ол адамдарға арзан бағаға жер учаскесін алып беремін деп алдап келген.

Алматының 10 тұрғыны алаяқтың үстінен шағымданып отыр

51 жастағы ер адамның алаяқтық әрекетіне 34 жастағы Алматы тұрғыны шағымданған. Оның айтуынша, 2014 жылдың тамызында күдікті «арзан жер алып беремін» деп сеніміне кіріп, 2 млн 184 мың теңгесін қолды еткен.

Қазірдің өзінде аталған азаматтың атына 10 адам шағымданып келді. Сотқа дейінгі тергеу ісі барысында жапа шеккендердің саны одан да артуы ғажап емес, дейді полицейлер. Осыған байланысты құқық қорғаушылар айыпталып отырған М.Ұзақов есімді адамның тұзағына түсіп қалған азаматтарға 254-48-02, 8702-447-76-81, 8701-624-28-24, 8705-100-77-07 нөмірлеріне хабарласуын сұрап отыр.