Алматының 2016 жылғы бюджетіне өзгеріс енгізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының 2016 жылғы бюджетіне өзгеріс енгізілді.

Атап айтқанда, Алматы қаласының 2016 жылғы бюджеті 80 млрд теңгеге өсті. Мемлекет басшысының Алматыға сапарынан соң қаланың дамуына республикалық бюджеттен 58,3 млрд теңге және жергілікті бюджеттен былтырғыдан үнемделген 21 млрд теңге қосылды.

«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында биыл қаланың дамуына мақсатты трансферт ретінде республикалық бюджеттен 58,3 млрд теңге бөлінді. Оның 39 миллиарды Ұлттық қордан қарастырылған. 11 млрд теңге мақсатты трансферт, 7 млрд теңге несие түрінде берілді. Бұл қаржы Универсиада шығындарын жабуға (17,9 млрд теңге), медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтуға (2,4 млрд теңге), агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға (4 млрд), жергілікті бюджеттің шығындарын жабу үшін (2,2 млрд), ШОБ-ты қолдауға (438 млн), «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 4 мектеп пен 1 балабақшаны сейсмикалық күшейтуге, 7 бақша, 5 емхана, 7 кітапхананы күрделі жөндеуден өткізуге (2,9 млрд теңге, оның 2,6-сы республикалық бюджеттен, 294 млн-ы жергілікті бюджеттен) бағытталмақ», - деді қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.

Алматы басшысы Бауыржан Байбек 2016 жылы жүзеге асырылатын маңызды шаралар туралы айтып берді.

«Биыл алдымызда аса үлкен мақсаттар тұр. 2016 жыл Елбасы ұсынған 5 халықтық реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадам аясындағы ауқымды шаралар атқарыла бастады. Сапалы жаңа құқықтық кеңістікте өмір сүре бастадық. Алматының 1000 жылдығы, Қысқы Универсиадаға мұқият дайындықты абыроймен атқару қажет. Алматыға келгенде Президент Нұрсұлтан Назарбаев осыны ескеруді тапсырды», - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Соңғы жаңалықтар
telegram