21:59, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Алматының Ақсай-4 шағын ауданында жарылғыш қойылды деген ақпарат жалған болып шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жарылғыш ізделді. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті.
Оның айтуынша, Ақсай-4 шағын ауданында жарылғыш құрылғы қойылғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Саперлік бөлімшелер іздестіру іс-шараларын жүргізу бойынша шараны қолға алды.
«Ақпарат расталмады. Сот алды тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ресми өкіл