Алматының Алатау ауданына жаңа әкім тағайындалды

Шахмерден Рыспаев - жеке секторда да, мемлекеттік басқару ісінде де тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызметті 2001 жылы Алматы қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.
2002 - 2005 жылдар аралығында «Медеу» мемлекеттік табиғи паркінің аға консультанты қызметін атқарған.
2010 - 2015 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы болған.
2015 жылдан бастап Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, бұрын аудан әкімі болған Бағдат Манзоров Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.
Алатау ауданында 9 жыл ішінде 4 жаңа емхана, 9 мектеп, 12 мемлекеттік балабақша, Атлеттер ауылы, «Алматы арена» кешені салынды.
«Алғабас-6», «Нұркент», «Ақкент» ықшам аудандарында тұрғын кешендерінің құрылысы жалғасуда.