Алматының алты ықшам ауданында кәріз желілері әлі істемейді

Қала әкімінің айтуынша, аталған кемшіліктер жойылмағандықтан желілер әлі пайдаланылмай отыр.
«Мәселен, «14-аумақ» ықшам ауданында 2017 жылдан бері мердігер «Керегетас Компани» желілерді салып бітірмеген. Биыл сәуір айында «Керегетас компани» жобаны орындаудың мүмкін еместігін ресми түрде мәлімдеп, ары қарай іске асырудан бас тартты. Менің тапсырмам бойынша «Алматы Су» кәсіпорны ақаулық актісін жасады. Бұл құжаттардың болуы жылу беру маусымы басталғанға дейін барлық қажетті жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік береді», - деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, қала әкімі қазір бес ықшам ауданның («Әйгерім-2», «Өжет», «Самғау», «Ақбұлақ», «АЗТМ-Алғабас») сумен жабдықтау және кәріз объектілерін «Алматы Суға» беру үшін қажетті құжаттар дайындалып жатқанын, жұмыстар биыл 10 мамырға дейін аяқталатынын мәлімдеді.