Алматының «Арбатында» тұңғыш рет «Киіз үй мерекесі» тойланып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматының «Арбатында» (Жібек жолы даңғылы) тұңғыш рет «Киіз үй мерекесі» қалалық фестивалі өтіп жатыр.
None
None

Фестиваль аясында «Арбатқа» бес үлкен және бір кішігірім киіз үй орнатылды. Бұдан кейін, шебер домбырашылар арасында күй тартудан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

«2014 жылдың 26 қарашасында ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау комитеті «Қазақтың дәстүрлі күй орындау өнері» мен «Қазақ пен қырғыз халықтарының киіз үй дайындау және тігу өнерін» ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізген болатын.

Міне, бүгін осыған байланысты ЮНЕСКО-ның Алматылық бюросы мен «Алматының қолөнер палатасы» Қоғамдық Қоры бұл уақиғаны кең көлемде атап өтуді жөн көрді. Енді бұл фестиваль жыл сайын өткізілетін болады», - деді өз сөзінде ЮНЕСКО-ның Алматылық бюросының коммуникация және ақпарат мәселелері бойынша маманы Сергей Карпов. Айта кетелік, бүгін бірінші күні, фестиваль шеңберінде киіз үй тігу әдістері көрсетілді. Сондай-ақ, киіз басу, кесте тігу және басқа да ұлттық кәсіптер бойынша қолөнершілердің шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Онда көзге түскендерге бағалы сыйлықтар табыс етілетін болады. Ертең, екінші күні, Орталық Азия елдерінің қолөнер бұйымдары бойынша көрме болады.

Соңғы жаңалықтар