Алматының Әуезов ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігі және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Әуезов ауданына әкім болып Әнуар Өскенбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әнуар Өскенбаев әр жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде, 5 жылдан астам уақыт Есеп комитетінде қызмет атқарған, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы болған. 

2015 жылы Алматы қаласы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2016 жылдан бері қаланың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Ол басқарма басшысы қызметін атқарған кезде ПИК мәселесіне қатысты заңға өзгерістер енгізілді, тұрғын үй қорын ұстауға қатысты Ереже қабылданды.

Фото: almaty.gov.kz

Соңғы жаңалықтар