Алматының ең үздік оқушылары «Үркер» алтын белгісімен марапатталды

АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Оқушылар сарайында қала әкімі Ахметжан Есімов өнер,
None
None
ғылым салалары бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болған қаланың ең үздік оқушыларын «Үркер» алтын белгісімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Үркер» алтын белгісі сыйлығы қала әкімі Ахметжан Есімовтың бастамасымен биыл тұңғыш рет беріліп отыр. Шара барысында 76 оқушыға аталған сыйлық табыс етілді. Олардың 20-сы математика, физика, экономика, экология, астрономия пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың, 29-ы республикалық олимпиадалардың, 30-ы республикалық ғылыми жарыстардың, математика мен информатика бойынша Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері, халықаралық жас суретшілер байқауларының гран-при иегерлері. Шара барысында олардың ата-аналары мен олар білім алып жатқан 32 мектепке де қала әкімінің арнайы алғыс хаты табыс етілді. Шара соңында қала әкімі «Үркер» сыйлығының иегерлерін құттықтап, естелік суретке түсті.«Алматы еліміздегі ең үлкен қала, ғылым мен білім, мәдениет пен қаржы орталығы. Білім мен ғылым ошағында білім алушы оқушылары да еліміздегі ең жоғары білім көрсеткіштерін көрсетіп отыр. Бұл бағытты дамыту мақсатында да бірқатар істер атқарылуда. Бүгінгі шара соның бір көрінісі. Сіздер алдағы уақытта ата-аналарыңыз бен ел үмітін ақтап, болашаққа батыл қадам басқан мемлекетіміздің дамуына үлес қосады деген сенімдемін. Баршаңызды бүгінгі сыйлықпен құттықтаймын», - деді А.Есімов.
Соңғы жаңалықтар