Алматының хайуанаттар бағы арыстанның абданымен толықты (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының хайуанаттар бағы арыстанның абданымен толықты. Хамзат деп аталатын еркек күшікті зообаққа бір жеке тұлға өткізген. Қазір оның жасы 8-9 ай шамасында, - деп хабарлайды бүгін зообақтың баспасөз қызметі.
None
None

Әдетте, адамдар жыртқыш аңдардың төлдерін әуестіктен ермек ретінде асырайтыны белгілі. Ал кейін мұндай жануарлар өсе келе, өздерінің иелерін «ермекке» айналдырады, тістелеп мазаларын ала бастайды.

«Хамзатты да иесі сол себепті зообаққа өткізіп отыр. Хайуанаттар бағының мал дәрігерлері оның дұрыс қоректендірілмегені салдарынан әлі толық жетілмегенін анықтады. Содан күні бүгінге дейін Хамзат ішкі карантинде болды. Барлық алдын алу шарасынан кейін жыртқыштар үйіндегі торлы орынға жайғастырылды. Қазір ол біртіндеп, өсіп келе жатыр», - делінген хабарламада.
null null null

Соңғы жаңалықтар