15:40, 06 Маусым 2017 | GMT +5
Алматының іргесіндегі топырақ көшкіні қора-қопсыны басып қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы іргесінде топырақ көшкіні қора-қопсыны басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазселденқорғау» мекемесінің хабарлағанындай, Талғар ауданында плотинадан 1 шақырым жоғары аумақта топырақтың шектен тыс ылғалдануы салдарынан сары топырақ көшкен. Лай массасы жекеменшік сарай мен «Қазселденқорғау» мекемесінің бекетін басып қалды.
Мамандардың айтуынша, көшкен топырақтың көлемі 3500 текше метр.
Айта кету керек, бүгін де Алматының төтенше жағдайлар қызметі ескерту жариялаған болатын. Бүгін-ертең аймақта нөсер жауады деп болжанып отыр.