Алматының Қала құрылысы кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Қала құрылысы кеңесінің жаңа құрамы бектілді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қала құрылысы Кеңесінің жаңа құрамы бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен қалалық мәслихаттың 43-ші сессиясы барысында бекітілді. Жаңа Кеңестің құрамына бейінді мемлекеттік құрылым басшыларымен қатар, кәсіпкерлер, қала аудандарының әкімдері және мәслихат депутаттары енді.

Бауыржан Байбек Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуында кәсіпкерлер қауымы мен меценаттардың маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. Оның айтуынша, олардың қатысуы қалада бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жеке сектордың да қатысуына көмектеседі.

«Бүгінде мемлекетімізде бизнес жасампаз күшке ие, ол экономиканың драйвері. Қала құрылысы Кеңесі - маңызды құрылым. Алматының кешенді дамуы осы Кеңестің қызметі мен қабылдайтын шешімдеріне тікелей байланысты. Кейде, өкінішке қарай, қабылданып жатқан шешімдер үйлестірілмейді және аудан әкімдерімен алдын-ала келісілмейді. Сондықтан, Кеңес құрамына бизнесмендер мен аудан әкімдерінің енуі жұмыстың сапалы жүргізілуіне септігін тигізеді», - деді Б. Байбек.

Сонымен, Кеңестің жаңарған құрамына - Алматы әкімі Бауыржан Байбек, қалалық мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаев, қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов, қала әкімдігі аппаратының жетекшісі Марат Сембеков, қалалық мәслихаттың депутаты Артур Котенев, Алматы қ. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасының жетекшісі Еркебұлан Оразалин, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу

және жобалау институты» АҚ бас директоры Нұрлан Ұранқаев, «Astana Group» ЖШС президенті Нұрлан Смағұлов, «Capital Partnes» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Сержан Жұмашев және қаланың барлық аудан әкімдері енді.

Соңғы жаңалықтар