Алматының Наурызбай ауданының тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай Наурызбай ауданының тұрғындарына арналған кең көлемді «Денсаулық жолы» акциясы өтуде.
None
None

Қаланың жаңа ауданының тұрғындарын көз дәрігерлері, терапевтер, жүрек ауруының дәрігерлері, оташылар, тіс дәрігерлері, сонымен қатар невропатолог, диетолог және отоларинголог секілді мамандар тексеріп, ақыл-кеңестерін берді.

Акция көшпелі медициналық кешендердің көмегімен жүзеге асырылды. Олар ең озық технологиялармен жабдықталған. Солардың ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларына диагностика жасау саласында жаңадан қолға алынған «Кардиовизор» аппаратын айтуға болады. Бұл қондырғылар жолсызбен жүре беретін жүк көліктерінің базасында жобаланған және далалық жағдайда өте күрделі зерттеулер жүргізе беруге мүмкіндік береді. Бұл кең көлемді шараға Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Жанат Қасымжанова да қатысты. Ол өз сөзінде енді мұндай шара ай сайын қаланың барлық аудандарында өткізіліп тұратындығын жеткізді. «Біз жаңа Наурызбай ауданының тұрғындарын диспансерлік есепке алу, сараптау және тиісті емдік шаралар тағайындау мақсатында осындай скринингтік тексеру ұйымдастырып жатырмыз. Бұл ауданда 200 мыңға тарта адам өмір сүреді. Міне, тұрғындар ағылып келіп жатыр. Барлығы да дәрігерлердің жұмыстарына дән риза. Бүгінгі шараға барлығы 50 маман жұмылдырылды. Олардың 30-ы ғылыми қызметкерлер және екі университеттің алдыңғы қатарлары профессорлары» - деді басқарма басшысы. Бүгінгі акцияны Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстан-Ресей медициналық университеті және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар