18:36, 21 Шілде 2023 | GMT +5
Алматының орталық көшелерінде жарық сөніп қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Күн райының қолайсыздығына байланысты Алматының бірқатар ауданындағы электр желісінде апат болып, жарық сөнді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, қатты желдің салдарынан кейбір ауданда ағаштар құлады, бұл электр тарату желісіндегі 6-10-0, 4 киловольттың ажырауына әкелді. Соның салдарынан алматылықтар электрден ажыратылды.
«Электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшелерінде өшті. Электр қуатынсыз қалған аудандарды «АЖК» АҚ сайтының картасынан көруге болады. Қазіргі уақытта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2 сағаттың ішінде қосу жоспарда»,- деп хабарлады «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-дан.
Айта кетейік, бүгін Алматыда нөсер жауын жауып, дауыл болды.