07:06, 12 Қаңтар 2015 | GMT +5
Алматының шығысында Қытай аумағында жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 05.43-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 424 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1, магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 30 шақырым. Жер асты дүмпулері сезілген жоқ.