14:35, 01 Наурыз 2010 | GMT +5
Алматының Түрксіб ауданында жаңа пошта бөлімшесі ашылды
АЛМАТЫ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматының Түрксіб ауданында № 38 нөмірімен жаңа пошталық байланыс бөлімшесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аудан тұрғындары жаңа бөлімшеден пошталық хат-хабар жөнелту, салық, несие және басқа да төлемдерді төлеу, баспасөзге жазылу, зейнетақы, әлеуметтік көмек алу қызметін жүзеге асыра алады.
"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Дәурен Молдағалиевтің айтуынша, пошта байланыс бөлімшесінен басталады. «Біздің ең басты мақсатымыз еліміздің әрбір тұрғынына пошталық және қаржылық қызметтерді пайдалануын қолжетімді қылу. Жаңа байланыс бөлімшесі осы бағыттағы жұмыстың бірі» дейді Д.Молдағалиев.
Ол сондай-ақ биылғы жылдың алматылық пошта қызметкерлері үшін ерекше екенін айтады. Өйткені қазан айында Алматыда ең алғашқы пошта кеңсесінің ашылғанына 150 жыл толады.