11:32, 21 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Алматының жас ғалымдарына пәтер кілттері табыс етілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда ғылым қайраткерлеріне ведомстволық наградалар тапсырылды, сондай-ақ жас ғалымдар пәтер кілтеріне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің құзырындағы ғылыми ұйымдардың жас ғалымдары «Нұрлы жер» бағарламасы аясында пәтер алды.
Түрғын үй бағдарламасының арқасында ҒЗИ-де ұзақ жылдар жұмыс істеген 40 жасқа дейінгі ғалымдар сатып алу құқығына ие жалдамалы пәтерлер алуға құқылы.
Пәтерлерді үлестіруге 18 ғылыми-зерттеу инстиуты мен ҚР БҒМ-нің Ғылыми комитетіне қарасты Алматыда орналасқан мекемелері қатысты.