Алматының жастар саясаты басқармасы студенттер арасындағы әлімжеттікпен күресуде

Қаладағы азаматтық және әскери оқу орындарында заңсыз қарым-қатынастардың жиілеуіне байланысты жоғары және төменгі курс студенттерінің арасында болатын даулы жанжалдардың алдын алу мақсатында осындай кездесулер ұйымдастырылған.
Рейдке басқарма қызметкерлерінен басқа бокспен және бодибилдингпен айналысушылар қатысты. «Мына балаларға қараңдар - олардың барлығы дерлік сендердің құрдастарың, соған қарамастан республикалық және халықаралық жарыстардың алтын және күміс жүлдегерлері. Сендер өздеріңді ең мықтымыз деп ойламаңдар. Күштерің тасыса, спортпен айналысыңдар, мына балалар сияқты өз еңбектеріңмен жетістіктерге қол жеткізіңдер. Міне бұл - нағыз абырой, құрмет әрі өзінді мойындату», - деді жоғары курс студентеріне қарата айтқан сөзінде қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Санжар Боқаев.
Оның сөзіне қарағанда, олармен тығыз жұмыс жасау өз тиімділігін береді. Оқу жылының бірінші айының өзінде жоғары оқу орындарының жатақханасынан жаза қолдану шарасы ретінде 24 студент шығарылған. Үш жоғары курс студенті оқудан босатылды. Осы іске жауапты тұлғалар ЖОО әкімшілігі мен жастар саясаты басқармасынан сөгіс алды.
«Иә, әрине, бұл тым қатты жаза болмаса да, басқалары үшін сабақ болады деген ойдамын. Осы сияқты фактілерді жасыру кез келген ЖОО-дан анықталатын болса, біз жауапты тұлғаны жұмыстан босатуға дейінгі шараларға қол жеткіземіз», - деп мәлімдеді С.Боқаев.