Алматының жол сақшылары қызара бөртіп алған мотоцикл жүргізушісін ұстады

АЛМАТЫ. 29 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда полицейлер 28 шілдеге қараған түні жоғары жылдамдықпен Шығыс айналма жолында алкогольдік ішімдік ішіп алған 24 жастағы мотоцикл жүргізушісін ұстады.

Алматының жол сақшылары қызара бөртіп алған мотоцикл жүргізушісін ұстады

Оның мотоциклді тіркеу құжаттары, сондай-ақ нөмірлік белгілері болмай шыққан, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

Қазір жас жігіт ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодексінің 467-бабына сәйкес, 10 тәулікке қамауға алынды. Мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды.

Заңбұзушыға қатысты 461-бап бойынша - көлікті мемлекеттік нөмірлік белгісіз басқару , 463-баптың 2-тармағы бойынша - маневр жасағаны үшін, 467-бап - көлікті мас күйінде басқарғаны үшін бірнеше әкімшілік хаттамалар толтырылды.