Алмазбек Атамбаев 2015 жылы 1 миллион сомнан астам табыс тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қорытындысы бойынша, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 1 млн. 298 мың 448 сом табыс тапқан. Мемлекеттік кадр қызметі осындай ақпарат таратты, - деп хабарлайды КирТАГ.
None
None

Одан бөлек, А.Атамбаевтың сенімгерлікпен басқаруға берілген 27 мың шаршы метр құрылысы және 64 мың шаршы метр жерде көпжылдық көшеттері бар.

«Шығындар» бөлімінде мемлекет басшысының өз жинағынан 34 миллион сомды жұмсағаны көрсетілген.  Не себепті жұмсалғаны декларацияда айтылмаған.

Президенттің жұбайы Раиса Атамбаеваның өткен жылғы кіріс көлемі негізгі жұмысынан 182 мың сом және салым пайызы есебінде 112 мың доллар болған. Р. Атамбаеваның иелігінде екі пәтер бар. 

Соңғы жаңалықтар