09:38, 23 Қараша 2014 | GMT +5
Алмұрт - ең пайдалы жемістің бірі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Диетологтар алмұрттың пайдалылығы жайында сирек айтады. Ал алмұртта антиоксидант, флавоноид мол екен. Бұл ретте оның құрамында май, холестерин жоқ, орташа нәрлі, деп жазады Medical News Today.

Мамандардың айтуынша, дұрыс тұтынған жағдайда алмұрт салмақ түсіруге, обыр, гипертония, сусақ, жүрек ауруы тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.
Бір алмұртта 101 калория, 27 грамм көмірсу, 1 грамм ақуыз бар. Ол күндік қажеттілікте С дәруменінің 12%-ын, К дәруменінің 10%-ын, калийдің 6%-ын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оның құрамынан кальций, темір, магний, рибофлавин, В6 дәрумені және фолотты табуға болады.
Алмұрттың нәрлілігін естен шығаруға болмайды. Ол ас қорыту жүйесін жақсартады, иммундық жүйені реттейді, салмақ түсіреді. Нәрлілік жүрек-қан тамырларының жүйесін жақсартады, қантты реттеп, денеден уытты заттарды шығарады. Оның шырындылығы (84 пайыз су) барлық жүйенің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.