19:38, 14 Сәуір 2022 | GMT +5
Алпамыс Шәрімов ҚР Президентінің Телерадиокешені басшысының кеңесшісі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алпамыс Шәрімов ҚР Президентінің Телерадиокешені бас директорының кеңесшісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алпамыс Шәрімов – танымал телевидение және кино продюсері. Түрлі жылдары «Қазақ радиосында» және «Қазақстан» телеарнасында жұмыс істеді.
Қазақстандық және халықаралық тележобаларды ұйымдастыруға қатысқан. «Global Gift Foundation» халықаралық қайырымдылық қорының мүшесі», - делінген ҚР Президентінің Телерадиокешені хабарламасында.