Альпинградта жарақат алған турист 3400 метр биіктіктен эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Альпинград тау бөктерінде жарақат алған турист 3400 метр биіктіктен эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

тау
Фото: freepik.com

15 шілде күні құтқарушыларға Алматы қаласының Медеу ауданындағы Альпинград таулы аймағында бір азаматтың өздігінен төмен түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Ер адамның аяғы қайырылып кеткен. Геолокация нақты болмағанымен, онымен байланыс үзілмеген.

- Іздестіру-құтқару операциясын жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы дереу оқиға орнына шықты. Құтқарушылар Мынжылғыға дейін 9 шақырым жол жүріп, одан әрі таулы жермен жаяу көтерілуге мәжбүр болды.

1996 жылы туған зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді, - делінген ақпаратта.

Құтқару операциясы ТЖМ қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсіби әрекетінің арқасында сәтті аяқталды. Турист 3400 метр биіктіктен аман-есен эвакуацияланды.

Айта кетейік, ТЖМ өрт сөндірушілері саяжай қоғамындағы жарылыс қаупінің алдын алды.

Соңғы жаңалықтар