Алтай Көлгінов Атырау облысындағы сапар орталығының құрылысымен танысты

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы сапар орталығының құрылысымен танысты, деп хаарлайды ҚазАқпарат.

Жақында «Сарайшық» тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағында жаңа кешен ашылады. Оның құрамына экспозициялық көрме залдары, қор қоймасы, конференц-зал, сондай-ақ зертханалық және реставрациялық бөлмелер, электронды деректер базасы бар кітапхана кіреді. Орталықта дәріс өткізуге арналған алаңдар, ашық аспан астындағы музей және этноауыл орналасқан.

«Сарайшық» тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Әбілсейіт Мұхтардың айтуынша, қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі, әрі ірі сауда қаласы Сарайшық 1580 жылы қираған. Бұдан 300 жыл бұрын бұл қала Ұлы Жібек жолы орталықтарының бірі болған.

«Қазақстанда еліміздің өткенінен сыр шертетін киелі, тарихи орындар көп. Сондай орындарға біздің отандастарымыз ғана емес, шетелдік туристер де үлкен қызығушылық танытып отыр. Алайда, көбінесе тарихи және археологиялық ескерткіштер орналасқан аумақта туристік инфрақұрылым болмады. Ал, көне Сарайшық аумағында ашылатын бұл сапар орталығы еліміздің бай мәдени және тарихи мұрасына назар аудартады, туризмді жандандырады», -деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Еске сала кетелік, бұған дейінАтыраудағы «Сарайшық» сапар орталығында Қасым ханның бейнесі алғаш рет көрсетілетінін хабарлаған болатынбыз.

Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру былтыр басталып, жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Оның құрылысына 780 млн теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар