Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясында Қазақ тілі мен мәдениеті орталығы ашылады

ПАВЛОДАР. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Сәуір айында Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясында (Барнаул) «Қазақстан апталығы» өтеді,
None
None

деп хабарлады Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің (ПМПИ) баспасөз қызметінен. Ондағы басты оқиға ПМПИ-дың көмегімен құрылған Қазақ тілі мен мәдениеті орталығының ашылуы болады.

«Алтай өлкесінде он мыңнан астам қазақ тұрады. Академияда 42 қазақстандық азамат, Ресей және Моңғолияның этникалық қазақтары білім алуда. Алтайда тарихи отандарының мәдениетін, дәстүрлері мен тілін дәріптеп келе жатқан «Қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымы 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Алтай академиясының жанынан құрылған жаңа орталық ағартушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын болады, ниет білдіргендердің барлығы мұнда қазақ тілін үйрене алады. Қазақтардың тарихи мұрасы бойынша экспозияцияларды құру үшін мұражай қоры құрылады», - деп хабарлады Алтай МПА-ның ректоры Ирина Лазаренко.

Алтай МПА-да өтетін «Қазақстан апталығының» бағдарламасында сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмелері, конференциялар мен шеберлік сабақтар, студентік ғылым күні, семинарлар мен спорттық жарыстар бар.

Соңғы жаңалықтар