Алтай өлкесінің тұрғындары ШҚО орталығында «Орыс селосы» деп аталатын этнографиялық мұражай кешенін құрмақшы

СЕМЕЙ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Алтай өлкесінің тұрғындары Шығыс Қазақстан облысының орталығында «Орыс селосы» деп аталатын этнографиялық мұражай кешенін құратын болады, ал қазақстандықтар Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің орталығы - Барнауыл қаласында «қазақтың ұлттық ауылы» этномәдени кешенін салады. Бұл екі жоба - көршілес аймақтардың өзара ынтымақтастығының бір бөлігі.
None
None

Семей және Барнаул қалаларының жастарына патриоттық тәрбие беру бойынша бірлескен меморандумға бір жыл бұрын қол қойылған болатын.

Алтай өлкесінің губернаторы жанындағы жастарға патриоттық тәрбие беру орталығының директоры Геннадий Рузановтың ақпараты бойынша келешекте делегациялар алмасу көзделіп отыр және әскерге шақырылатын жастардың әскери-далалық жиындарын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар