Алтайдағы қар барысын қуалау
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таулы Алтай ауданаралық табиғатты қорғау прокуратурасы Желіде белгісіз біреудің қар барысын қуалаған видеоның пайда болуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды info.sibnet.ru порталы.
Ведомствоның өкілдері қазіргі уақытта сирек кездестін аңды қарда жүргішпен қуалаған тұлғаның, сондай-ақ бейнежазбаның түсірілген орны мен уақыты анықталып жатқанын түсіндірді. Бұған дейін ғаламторда жыртқыш аңды қуалау түсірілген ролик жарияланған еді.
Видеоны таратушылардың ақпаратына сәйкес, оқиға Сайлюгем ұлттық саябағында орын алған.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) мәліметтерінше, Ресейде бұлардың саны 70-90 аралығында. Бұл Қызыл кітапқа енгізілген, 12 ел аумағында ғана тіршілік ететін сирек немесе жоғалып бара жатқан жануар болып табылады.