Алты қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 18 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

Бес қалада ауа сапасы нашарлайды – Қазгидромет
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 18 ақпан, жексенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Петропавл, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.