Алтын допқа үміткер 30 үздік ойыншы белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — France Football 2025 жылдың 22 қыркүйегінде жылдың үздік ойыншысына табысталатын «Алтын доп» жүлдесіне 30 үміткерді жариялады.

Басылымның мәліметінше, «ПСЖ» ойыншылары 2018 жылы «Реал Мадрид» орнатқан рекордты қайталап, ең көп (9) ойыншымен Топ-30-ға енді. Клуб осы рекордпен Франция тарихынан орын алды.
Сондай-ақ тізімде «Барселонаның» — 4, «Реалдың» — 3 және «Ливерпульдің» 3 ойыншысы бар.
Бір қызығы, тізімде бұрын бұл жүлдені жеңіп алған ойыншы жоқ, сондықтан бұл жолы 2024 жылғы сияқты дебютант жеңімпаз болады.
Толық тізіммен төменде танысуға болады:
1. Джуд Беллингем «Реал Мадрид» (Испания)
2. Усман Дембеле ПСЖ (Франция)
3. Джанлуиджи Доннарумма «ПСЖ» (Франция)
4. Дезире Дуэ «ПСЖ» (Франция)
5. Дензел Дюмфрис «Интер» (Италия)
6. Серу Гирасси «Боруссия Дортмунд» (Германия)
7. Виктор Дьёкереш «Спортинг» / «Арсенал» (Португалия / Англия)
8. Эрлинг Холанд «Манчестер Сити» (Англия)
9. Ашраф Хакими «ПСЖ» (Франция)
10. Харри Кейн «Бавария» (Германия)
11. Хвича Кварацхелия «Наполи» / «ПСЖ» (Италия / Франция)
12. Роберт Левандовски «Барселона» (Испания)
13. Алексис Макаллистер «Ливерпуль» (Англия)
14. Лаутаро Мартинес «Интер» (Италия)
15. Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» (Испания)
16. Скотт Мактоминей «Наполи» (Италия)
17. Нуну Мендеш «ПСЖ» (Франция)
18. Жоау Невеш «ПСЖ» (Франция)
19. Майкл Олисе «Бавария» (Германия)
20. Коул Палмер «Челси» (Англия)
21. Педри «Барселона» (Испания)
22. Рафинья «Барселона» (Испания)
23. Деклан Райс «Арсенал» (Англия)
24. Фабиан Руис «ПСЖ» (Франция)
25. Мухаммед Салах «Ливерпуль» (Англия)
26. Вирджил ван Дейк «Ливерпуль» (Англия)
27. Винисиус Жуниор «Реал Мадрид» (Испания)
28. Витинья «ПСЖ» (Франция)
29. Флориан Вирц «Байер Леверкузен» / «Ливерпуль» (Германия / Англия)
30. Ламин Ямаль «Барселона» (Испания)
«Алтын допты» табыстау рәсімі 22 қыркүйекте Париждегі «Шатле» театрында өтеді. Жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталады. Бұл процеске FIFА рейтингіндегі 100 үздік елдің әрқайсысынан бір журналист қатысады.
Еске сала кетейік, испаниялық Родри футболдан 2024 жылғы «Алтын доп» иегері болды.