Алтын Емел асуы уақытша жабылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM- Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Сарыөзек- Көктал» тасжолына шектеу қойылғанын мәлімдеді.

блокпост
Фото: Pexels

Күннің бұзылуына байланысты Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданындағы жолдың бір бөлігіне уақытша шектеу қойылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері облыс аумағында сапарда жүргендерге жолда сақтық ережелерін мұқият сақтауды ескертті. 

- 2025 жылы 22- ші қаңтар сағат 18:00 ден бастап күннің бұзылуына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Сарыөзек- Көктал» тасжолының 40-68 шақырымы (Алтын Емел асуы) учаскесінде ауыр жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді,- делінген хабарламада.

Еске салайық осыған дейін Жетісуда Талдықорған-Көлбай автожолына шектеу қойылғанын  және «Алматы-Өскемен» автожолының бір бөлігінде жол жабылғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар