«Алтын-Емел» паркінде сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сілеусін фототұзаққа түсіп қалды.

Бұл туралы ақпарат «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
«Алтын - Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Күзет бөлімінің жоспарлы рейдтік іс-шарасы кезінде көзге түскен»,- делінген хабарламада.
Сілеусін – сүтқоректілер класы, жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген.
Сілеусін таулы алқаптардың қылқан және жалпақ жапырақты орман өскен белдеулерінде таралған.
Бұған дейін Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми-зерттеу жүргізу мақсатында құрылған фототұзаққа түскен Тянь-Шань қоңыр аюы туралы жазған едік.
Сондай-ақ Алматы облысында ілбіс фототұзаққа түскенін жазған болатынбыз.