Алтын-Емел ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген аңдарға санақ жүргізілді
АСТАНА. KAZINFORM — Санақ жұмыстары 14 бағытта жүргізілді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 2026 жылдың 3-4 ақпан күндері Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануарлар – құлан, қарақұйрық және арқарға қысқы санақ жұмыстары жүргізілді.

Аталған санақ – ұлттық парктің жыл бойы атқарған табиғатты қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстарының нақты нәтижесін көрсетеді. Биылғы есеп қорытындысы бойынша жануарлар санының тұрақты екені байқалды.

Санақ жұмыстары 14 бағытта жүргізілді. Оның ішінде 11 бағыт автокөлікпен, ал 3 бағыт атпен ұымдастырылды.

Айта кетейік, «Алтын-Емел» ұлттық паркінің аумағында тек тұяқты жануарлар ғана емес, сонымен қатар ілбіс, сілеусін, аю, сабаншы, қасқыр, түлкі, Сібір тау ешкісі сияқты аң-құстардың көптеген түрі мекендейді.
Санақ жұмыстарының ақпан айында жүргізілуі кездейсоқ емес. Қыстың салқын мезгілінде жануарлар бір жерге шоғырланып жүретіндіктен, олардың нақты санын анықтауға қолайлы жағдай туады.
Айта кетелік Алматы маңында жүрген ілбіске спутниктік қарғыбау тағылған еді.