Алтын құймалар енді көне петроглифтер бейнеленген дизайнда шығады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық банкі алтын құймалардың дизайны өзгергенін хабарлады.

Алтын құймалар енді көне петроглифтер бейнеленген дизайнда шығады
Фото: ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық Банк аффинаждалған өлшенген алтын құймалардың дизайнын жаңартты.

Не өзгерді?

Жаңа дизайнға көне петроглифтер тұжырымдамасы арқау болды. Енді олар тек инвестициялық қана емес, сонымен қатар коллекциялық құндылыққа да ие бола алады.

Қандай түрлері бар?
Олардың бес түрі ұсынылады: 5, 10, 20, 50 мен 100 гр.

Қайдан сатып алуға болады?

Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі мен жекелеген айырбастау пункттерінен. 

Қашан сатып алуға болады?
2025 жылғы II тоқсанның аяғынан бастап.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемеге қатысты шешім жасағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар