Алтынның бағасы бұған дейін болмаған жоғары деңгейге жетті

АСТАНА.KAZINFORM - Comex тауар биржасында алтын фьючерстерінің бағасы бір унция үшін 3 900 доллардан асты, деп хабарлайды Kazinform.

Алтын бағасы төмендеп, қоры артты
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Бұл қазіргі қаржы нарығы тарихындағы алтынның ең жоғары бағасы. Қымбат метал бағасының өсуі АҚШ үкіметі жұмысының тоқтатылуына байланысты қауіпсіз активтерге сұраныстың артуы және Федералды резервтік жүйенің мөлшерлеменің одан әрі төмендеуін күтуінің өсуіне байланысты болуы мүмкін.

Дүниежүзілік алтын кеңесі өзінің соңғы есебінде Қазақстан Ұлттық банкінің осы айда ең көп алтын сатып алушы болғанын, бұл тізімге Болгарияның Ұлттық банкі мен Сальвадор Орталық резервтік банкі де қосылғанын атап өтті.

Өзбекстан Орталық банкінің мәліметінше, 2025 жылдың қазан айында құйма алтын тапшылығы байқалған. 3 қазандағы жағдай бойынша ел астанасындағы банктерде тек 17 құйма алтын қалды.

Бұған дейін алтынның бағасы 3800 доллардан асқаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар