Алтыншы алтын: Наталья Богданова бокстан әлем чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Наталья Богданова (70 келі) алтын медаль алды. 

Алтыншы алтын: Наталья Богданова бокстан әлем чемпионы атанды
Фото: Қазақстан ҰОК

Отандасымыз финалда бас жүлдені аустралиялық Лекейша Перголитимен сарапқа салды. 

Жекпе-жек барысында қазақстандық сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде Наталья ел құрамасы қоржынына алтыншы алтын медальды салды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Махмұд Сабырхан (55 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі) және Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) әлем чемпионы атанса, Назым Қызайбай (48 келі) күміс жүлдегер болды.

Енді кешкі сессияда Айбек Оралбай (90 келі) алтынға таласады. 

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілді.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай финалдық, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтті. 

Соңғы жаңалықтар