Альцгеймер ауруынан табиғи қорғаныс табылды

АСТАНА. KAZINFORM — Вашингтон мен Калифорния университетінің халықаралық ғалымдар тобы миды альцгеймер, паркинсон және басқа нейродегенеративті аурулардың әсерінен қорғануға көмектесетін жаңа рибонуклеин қышқылы (РНҚ) молекуласын тапты.

Альцгеймер ауруынан табиғи қорғаныс табылды
Фото: Report

Report агенттігінің хабарлауынша, зерттеу Molecular Psychiatry журналында жарияланды.

— Біз Альцгеймер ауруы, фронтотемпоральды деменция және басқа патологиялары бар науқастардың миында деңгейі күрт төмендейтін FAM151B-DT ұзақ кодталмаған рибонуклеин қышқылы туралы айтып отырмыз, — делінген ақпаратта.

Ғалымдар рибонуклеин қышқылы ақуыз тепе-теңдігін реттеуге қатысатынын анықтады.  Зерттеушілер FAM151B-DT-ны жасанды түрде ажыратқанда жасушалар өзін-өзі тазарту қабілетін жоғалтқан. Яғни, аутофагия (жасушалар жаңаруының табиғи процесі) бұзылып, улы ақуыз шоғырлары тезірек жинала бастады. Керісінше, рибонуклеин қышқылы белсенділігін арттыру жасушалық өзін-өзі тазарту механизмдерін белсендіріп, зақымдалған ақуыздардың мөлшерін азайтты.

Айта кетейік, АҚШ пен Еуропаның ғалымдары Хантингтон ауруының дамуын 4 есе баяулатты.

Соңғы жаңалықтар